Тамақ ауырған кезде балмұздақ жеген дұрыс па?

Тамақ ауырған кезде балмұздақ жеген дұрыс па?
Сурет: Furnishhome.ru

Бұл сауалға дәрігер-ларинголог жауап берді.

Тамағы ауырып тұрғанда мұздай суық балмұздақ жейтіндер бар. Олар осы арқылы тамақтың қабынуы мен ауыруын жеңілдетуге болады деп санайды. Ресейлік маманның айтуынша, бұлай жасау - қате. Алайда ол суықтың тамырлардың спазмына әкеліп, ол қабыну процесінде көмектесетінін атап өтті. Ал басқа жағынан алғанда, аса тоңазыту науқастың жалпы жағдайына кері әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі РЕН- тв сайтына сілтеме жасап. 

«Бұл жерде әңгіме балмұздақтың біреуге көмектесуі мүмкін, бірақ енді біреулер үшін онша емес болуы мүмкін екендігінде. Кез келген суықтың қан тамырларының спазмына әкелетінін жақсы білеміз. Ал балмұздақ, жеміс мұзын немесе өте суық, мұзды нәрсені жеген адам жұтқыншақтың, қан тамырларының, таңдай бездерінің артқы жағындағы шырышты қабықшаның түйілуін тудырады және ол қабынудан қорғайды делік. Бірақ егер қабыну процесі басталып кеткен болса, аса тоңазыту көмектесіп қана қоймай, зиян тигізуі мүмкін», - деді Зайцев.

Дәрігер тамақтары ауырып тұрған адамдарға суық тамақты жемеуге кеңес береді. Мұндай жағдайда науқасқа тамақ температурасы қолайлы болатындай "аяулы" диета ұстаған жөн. Тіпті тамақ қатты ауырмаса да, жылы ас мәзіріне көшу керек. Мұндай жағдайда шырышты қабатқа зақым келмейді, қабыну барысы да ауыр болмайды. Алайда қатты ыстық ас ісіндіруі мүмкін, сондықтан тағамның температурасы қолайлы әрі ешбір дәмдеуіштерсіз болуы тиіс.

Сарапшы дені сау адамға аздаған мөлшерде балмұздақ жеп тұру пайдалы екенін айтады. Бастысы, оны жеген кезде аздаған бөліктермен жеу керек.