Күрес түрлерінен әлем чемпионаты жалауын көтерді

Күрес түрлерінен әлем чемпионаты жалауын көтерді
Сурет: ашық дереккөз

Сербия астанасы Белград қаласында бүгін күрес түрлерінен әлем чемпионаты жалауын көтереді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Дүбірлі дода Белград қаласындағы «Штарк Арена» спорт кешенінде болады.

Жаһандық доданы алғашқы болып еркін күрес шеберлері бастайды. Күрестің аталған түрінен 61, 70, 86, 125 келідегі палуандар күш сынасады.

Алғашқы жарыс күнінде ел құрамасынан Өсімжан Дастанбек (61 келі), Санжар Досжанов (70 келі), Азамат Дәулетбеков (86 келі), Юсуп Батырмурзаев (125 келі) боз кілемге шығады.

Белдесулерді жанкүйерлер «Qazaqstan» ұлттық арнасы және qazsporttv.kz сайты арқылы тамашалай алады.

Алғашқы белдесулер елорда уақытымен 15:30-да басталады. Жартылай финал мен ақтық сындар 22:00-23:15 арасында болады.