Құрбан айтта сақталуы тиіс ережелер бекітілді

Құрбан айтта сақталуы тиіс ережелер бекітілді
Сурет: Stan.kz

Алматы облысында коронавирустың таралуына байланысты өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысы жарияланды.

Ондағы талап 8-11 шілде аралығында, яғни Құрбан айт кезінде сақталуы тиіс. Құжат бойынша малды көлікпен және жеке меншік үй иеліктерінен өткізуге тыйым салынған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Мал сою арнайы рұқсат алған жерде және ветеринариялық анықтама болған жағдайда ғана жасалуы керек. Qurban2022.kz сайтына өтініш бере отырып, онлайн режимде құрбандық шалуға да болады. Ал ішек инфекцияларының және тамақтан уланудың алдын алу мақсатында, Алматы халқына мешіттер мен мейрамханаларда үйде дайындалған тамақты пайдаланбауға кеңес берілді. Қаулы бүгіннен бастап күшіне енеді.