КВИ жұқтырғандармен байланыста болғандар не жеуі керек?

КВИ жұқтырғандармен байланыста болғандар не жеуі керек?
Сурет: Оrion-si.ru

Оқшаулану өз алдына, олар күнделікті тамақтануға көңіл бөлуі керек.

Коронавирус жұқтырған науқастармен байланыста болғандар жемістер мен көкөністерді көбірек жеуі керек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы РИА Новости агенттігіне сұқбат берген профессор, медицина ғылымдарының докторы, жұқпалы аурулар дәрігері Николай Малышев айтты.

«Қазір күз мезгілі, көкөністер мен жемістер көп. Біз оларды белсенді түрде тұтынуымыз керек», - деді Малышев науқас коронавируспен байланыста болғаннан кейін профилактика ретінде не жеуге болады деген сұраққа жауап бере отырып.

Оның айтуынша, коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғандар күніне 400-500 грамм көкөністер мен жемістер жеуі керек екен.