Алматы облысында антисанитариялық жағдайда алкоголь өндірген адам ұсталды

Алматы облысында антисанитариялық жағдайда алкоголь өндірген адам ұсталды
Сурет: ҚМА

Аталған дерек бойынша сот алдындағы тергеу басталды.

ҚМА Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қолдан жасалған суррогат алкоголь өнімін өндірген жасырын цехты жойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысы Іле ауданының тұрғыны жеке үй аумағындағы үй-жайда антисанитарлық жағдайда қолдан алкоголь өнімдерін заңсыз дайындағаны хабарланды.

Оқиға болған жерді тексеру барысында есепке алу бақылау маркалары, алкоголь өнімі, спирт және алкоголь өнімдерін құюға және дайындауға арналған түрлі заттар табылып тәркіленді.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етілмейді.