Күмәнді кездесу

Күмәнді кездесу
Сурет: ашық дерекөз

«Көзін байлап, тосын сый уәде еткен».

Шымкентте қызбен кездесуден кейін ер адам ұсталды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Әлеуметтік желіде танысқан жігітпен кездесу Шымкент тұрғыны үшін қарақшылықпен аяқталған.

Күдікті ізін суытпай ұсталды.

«Қала тұрғыны бірнеше күн бұрын интернетте танысқан ер адам оған тосын сый уәде етіп, көзін байлап, пәтерге алдап кіргізгенін айтты. Содан кейін қыздың қолын байлап, ас үй пышағымен қорқытып, оны онлайн шағын несиеге өтініш беруге мәжбүрлеген. Қаскүнем ақшаны дереу есепшотына аудартып, оқиға орнынан бой тасалаған», - делінген полиция хабарламасында.

Ер адам бірнеше сағат ішінде қаладағы Арбатта ұсталды. Ол жақында ғана мегаполиске ақша табу мақсатында келген Орал қаласының тұрғыны болып шықты. Күдікті УҰИ-ға қамалды.