Курчатовта төмен байытылған уран отыны бар реактор іске қосылды

Курчатовта төмен байытылған уран отыны бар реактор іске қосылды
Сурет: Qazaqtv.com

Курчатовтағы ұлттық ядролық орталықта төмен байытылған уран отыны бар реактор іске қосылды.

Стратегиялық санаттағы ғылыми эксперимент және МАГАТЭ-нің ұзақ мерзімді бағдарламаларына сәйкес келеді. Бұл – қазақстандық энергетика саласында да, жалпы әлемде де ауыз толтырып айтатын оқиғалардың бірі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Қазіргі таңда  отандық физиктер реактордың жаңа ядросының сипаттамаларын зерттеу үстінде, сондай-ақ, Ресей мен АҚШ-тағы әріптестерімен бірге отынның жаңа түрін пайдалану арқылы энергия өндірудің көрсеткіштерін жақсартуды көздеп отыр. Сынақтар 2023 жылы аяқталады деп жоспарланған.

"Ұлттық ядролық орталығында ВГ-1М зерттеу реакторын төмен байытылған уран отынымен іске қосу сәтті аяқталды. Ал, осыдан тура 30 жыл бұрын, Ұлттық ядролық орталық құрылған жылы, ВГ-1 реакторын жоғары байытылған отынмен іске қосу табысты жүргізілген еді. Келесі кезеңде жаңа реактордың энергетикалық қуаты іске қосылады, жаңа белсенді аумақтағы қажетті сипаттамаларды эксперименталды түрде анықтау жүзеге асады", - ҚРҰЯО Бас директоры Ерлан Батырбеков.