ҚТЖ толыққанды транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылады

ҚТЖ толыққанды транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылады
Сурет: pbs.twimg.com

Жаңа міндеттер

«Қазақстан темір жолы» толыққанды транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz компанияның ресми сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауында ұлттық темір жол компаниясының жаңа міндеттерін атап өтті.
- Қазіргі геосаяси жағдайды ескере отырып, Қазақстан Азия мен Еуропа арасындағы маңызды құрлық дәлізіне айналуда. Бізге ашылған мүмкіндіктерді толық көлемде пайдаланып, шын мәнінде әлемдік маңызы бар көлік-транзиттік торапқа айналу керек, - деп атап көрсетті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Елдің транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту үшін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы толыққанды транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылады.