Криштиану Роналду жаңа рекордқа қол жеткізді

Криштиану Роналду жаңа рекордқа қол жеткізді
Сурет: Championat.com

Футболдан Португалия құрамасы мен Сауд Арабиясының «Аль-Наср» командасының шабуылшысы Криштиану Роналду өз мансабында 1200 ойын өткізді. 

Осылайша ол жаңа рекордына қол жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ол аталған межеден өткен бесінші футболшы болып отыр. Бұған дейін ол межені ағылшын Питер Шилтон (1375) мен Пол Бэсток (1286), бразилиялық Рожерио Сени (1237) мен Фабио Лопес (1212) бағындырған еді.

Биыл 5 ақпанда 39 жасқа толатын футболшы өз мансабында Португалияның «Спортинг Лиссабон», Англияның «Манчестер Юнайтед», Испанияның «Реал Мадрид», Италияның «Ювентус» клубтарында ойын көрсетті.

2022 жылдың 30 желтоқсанынан Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубымен 2,5 жылға келісім-шартқа қол қойды. 2003 жылдан ұлттық құрама сапында ойын көрсетіп келеді.

Еске салсақ, енді Аргентина құрамасында оныншы нөмірлі жейде Мессиден кейін ешкімге берілмейтін болды.