Криштиану Роналду футбол тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды

Криштиану Роналду футбол тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды
Сурет: Inform.kz

Үздік сұрмергендер тізімін жарияланды.

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду футбол тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сhampionat.com сайтынан алынған дерекке қарағанда, Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) үздік сұрмергендер тізімін жариялады.

Есепке ресми халықаралық клубтық жарыстарда (құрлықтық және әлемдік), сондай-ақ ұлттық құрама сапында соғылған голдар ілікті.

Криштиану Роналду 270 голмен көш бастаса, Лионель Месси (235) – екінші, Роберт Левандовски (178) үшінші орында.

Тізімге барлығы мына ойыншылар енді:

  1. Криштиану Роналду (Португалия) – 270 гол;
  2. Лионель Месси (Аргентина) – 235;
  3. Роберт Левандовски (Польша) – 178;
  4. Герд Мюллер (Германия) – 137;
  5. Неймар (Бразилия) – 136;
  6. Карим Бензема (Франция) – 128;
  7. Рауль (Испания) – 123;
  8. Али Даеи (Иран) – 122;
  9. Ференц Пушкаш (Мажарстан) – 122;
  10. Луис Суарес (Уругвай) – 121;
  11. Златан Ибрагимович (Швеция) – 119;
  12. Эдин Джеко (Босния және Герцеговина) – 117;
  13. Дидье Дрогба (Кот-д′Ивуар) – 115;
  14. Андрей Шевченко (Украина) – 115;
  15. Эдинсон Кавани (Уругвай) – 113;
  16. Роналдо (Бразилия) – 112;
  17. Тьерри Анри (Франция) – 110;
  18. Ромарио (Бразилия) – 109;
  19. Ромелу Лукаку (Бельгия) – 108;
  20. Самуэль Это′О (Камерун) – 105.