ҚР Премьер-Министрі Әзербайжан Республикасына ресми сапармен барды

ҚР Премьер-Министрі  Әзербайжан Республикасына ресми сапармен барды
Inform.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Әзербайжан Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі

Қазақстан Үкіметі басшысын Баку әуежайында Әзербайжан Премьер-Министрінің орынбасары Әли Ахмедов пен Әзербайжан Республикасындағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Әлім Байел күтіп алды.

Сапар барысында Қазақстан Үкіметінің басшысы Әлихан Смайылов Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездеседі, сондай-ақ Әзербайжан Премьер-Министрі Әли Асадовпен мемлекетаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды.

Атап айтқанда, көлік-логистика, сауда-саттық, энергетика, аграрлық сектор, IT және өнеркәсіптік кооперация салаларындағы бірлескен қадамдар қарастырылады.