Қозғалыс уақытша шектеледі

Қозғалыс уақытша шектеледі
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласында Жетісу ауданының қиылыстарының бірі бойынша қозғалыс уақытша шектеледі

2023 жылғы 11 тамызда сағат 22.00-ден 14 тамызда сағат 6.00-ге дейін Алматы қаласының Жетісу ауданында Ангарская, Мақатаев және Палладин көшелерінің қиылысында қозғалыс уақытша жабылады. Аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін магистральдық құбыр учаскесіне жоспарлы жұмыстар жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС