Көз жұмған кеншілер саны 42 болды

Көз жұмған кеншілер саны 42  болды
Сурет: интернеттен

5 кенші іздестіріліп жатыр.

Сағат 15:00-дегі мәлімет бойынша, Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада 42 адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Аварияны жою жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Сырым Шәріпханов шахтаға түсіп, өрт және кеншілердің қаза болған жерлерін тексеріп шықты.

Аварияны жою жөніндегі жедел штаб тәулік бойы іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіріп, ең қауіпсіз және кеншілер болуы мүмкін ықтимал учаскелер бойынша тау-кен құтқарушыларының өту жолдары пысықталып жатыр. Іздестіру жұмыстары шамамен бір-бірінен 4 шақырым қашықтықта орналасқан екі өндіру учаскесінің ауданында жүргізіліп жатыр.

Тау-кен құтқарушылары қажетті жабдықтармен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген. Газ жағдайын бақылау жалғасып жатыр. Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" ЖШС Қарағанды филиалының 55 тау-кен құтқарушысы және 15 техникасы жұмылдырылды.

"Шұғыл медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін 21 адам және 7 бірлік жедел медициналық жәрдем техникасы жұмылдырылды. Бұдан басқа, ТЖМ және Қарағанды облысының ТЖД-да республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істейді", делінген Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратта.