Мамандар Қазақстанда жұмыс іздеушілер саны азайғанын айтты

Мамандар  Қазақстанда жұмыс іздеушілер саны азайғанын айтты
Сурет: Prodengi.kz

Бос орындар саны 9,8%-ға, жұмыс іздеушіер саны 23,2%-ға төмендеген.

Қазақстандық мамандар мамыр айында еңбек нарығында қандай өзгерістер болғанын бақылап, өз қорытындыларын шығарды. Нәтижесінде жұмыс берушілер арасында да, жұмыс іздеушілер тарапынан да экономикалық белсенділіктің төмендегенін байқаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«2022 жылғы мамырда Электрондық еңбек биржасында 82,4 мың бос жұмыс орны және 45,7 мың түйіндеме орналастырылды. Өткен аймен салыстырғанда бос орындар саны 9,8%-ға, ал өзекті түйіндемелер саны 23,2%-ға төмендеді», - делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Соңғы айдың қорытындысы бойынша, еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың құрылымы орташа білікті мамандарға жоғары сұранысты көрсетті, яғни сұраныс (50,8%) ұсыныстан (35,5%) 1,4 есе асып түсті. Алайда, ағымдағы жылдың басынан бері байқалған еңбек нарығының қажеттіліктері мен біліктілігі төмен кадрлардың болуы арасындағы теңгерімсіздік күшейді – біліктілігі төмен еңбекке ізденушілер орналастырылған бос жұмыс орындарына (40,2%) қарағанда 1,5 есе көп (28,4%). Айта кету керек, жоғары білікті мамандар тарапынан еңбек ұсынысы (24,3%) сұранысқа сәйкес келеді (20,9%).  

«Мамыр айында жүргізушілер (3,9 мың бос орын) және күзетшілер (1,9 мың бос орын) ең көп сұранысқа ие болды. Сонымен қатар, медицина қызметкерлеріне, атап айтқанда дәрігерлерге (2,5 мың бос жұмыс орны және 857 түйіндеме), орта медицина қызметкерлеріне (1,9 мың бос жұмыс орны және 774 түйіндеме) және санитарларға (1 мың бос жұмыс орны және 327 түйіндеме) деген үлкен қажеттілікті атап өту қажет», – деп хабарлады «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Cтратегия департаменті директорының орынбасары Ұлпан Шегенова.