Ковид стационарлар босап жатыр

Ковид стационарлар босап жатыр
Сурет: Sputnik

Алматы облысының ковидтік ауруханаларында  88 науқас ем алып жатыр.

Еліміздің батыс аймағындағы аурушаңдық көрсеткіштері де қалыпты, күрделену жағдайлары жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Санитарлық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Еліміздің басқа өңірлеріндегі ахуал қандай?! Түркістан облысында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Өңірде инфекциялық стационарларда 809 төсек-орын жасақталған, дегенмен қазіргі уақытта барлығы бос, өйткені COVID-19 диагнозымен бірде-бір науқас жоқ.

Ақтөбе облысының инфекциялық стационарында 5 науқас емделсе, Батыс Қазақстан облысында 3, Маңғыстау облысында 6 науқас ем қабылдауда.

Қызылорда облысында стационарлық емде 10 пациент, Шымкентте 12, Ақмола облысында 14, Павлодар мен Қарағанды облыстарында 26, Нұр-Сұлтанда 30, Жамбыл облысында 35, Шығыс Қазақстан облысында 40, Солтүстік Қазақстан облысында 38, Алматы қаласында 49 адам бар.

Емделушілердің ең көп саны Алматы облысының ковидтік ауруханаларында – 88 науқас. Коронавирус инфекциясынан қорғанудың ең тиімді жолы – аурудың алдын алу.

Егер әрбір азамат ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін вакциналау қарқынын төмендетпей, ревакциналаудан уақытылы өтуді жалғастыратын болса, ауруханаларында бірде-бір науқас қалмаған Атырау мен Түркістан облыстарындағыдай жағдай еліміздің өзге де аймақтарында орын алуына үлес қосқан болар еді.