Қостанай облысында жаппай ЖСН алып жатқан ресейліктер көбейген

Қостанай облысында жаппай ЖСН алып жатқан ресейліктер көбейген
Сурет: Qamshy.kz

Қостанай облысында көші-қон қызметіне тіркелетін шетелдіктер саны соңғы күндері үш есе артқан.

Бұл туралы осы салаға жауапты мамандар мәлімдеді. Мұндай жағдай Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін қалыптасып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында да олардың қарасы көбейген. Ресейліктер ЖСН, электронды қолтаңба және уақытша тұру тіркеу құжаттарын алып жатыр. Шекарадан өткен шетелдікті қабылдап алушы жақ үш күн ішінде көші-қон полициясын хабарландыру арқылы тіркеуге тиіс. Ал тіркеуге тұрмағандарды полиция анықтап, тиісті шара қолданады.

«Оны полиция органдары қызметкерлері рейд кезінде немесе әрбір учаскеге келгенде бәрібір көреді. Егер тіркеуде болмаса, оны анықтап, қадағалап отырады», - дейді облыстық ПД көші-қон қызметінің бөлім бастығы Гүлжанат Күдебаева.