Қоршаған ортаны ластағандар 10 жылға сотталады

Қоршаған ортаны ластағандар 10 жылға сотталады
Сурет: Unn.ua

Еуропалық Одақ экологиялық қылмыс жасағандарды 10 жылға дейін бас бостандығынан айырады.

Еуропарламент депутаттары «Табиғатты қалпына келтіру» туралы жаңа заңды мақұлдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Соған сәйкес көк тунецті заңсыз аулағандар, улы қалдықтарды жерсіндіріп, қоршаған ортаны ластағандар, озон қабатын бұзатын заттарды пайдаланғандар қылмыстық жазаға тартылады. Экоцидке жол беріп, адам өліміне себепкер болған кәсіпорын басшылары 8-10 жылға дейін түрмеге тоғытылмақ.

«Экожүйені қалпына келтіріп, биоәртүрлілікті сақтау үшін бәріміз ортақ саясат ұстануымыз керек. Жасыл экономиканы дамытуға бағытталған заңның игілігін фермерлер мен балықшылар бірінші боп көретіні сөзсіз», - дейді Еуропалық Парламентінің депутаты Сезар Луэна.