Коронавирусқа шалдыққан адамзат баласының саны 200 миллионнан асты

Коронавирусқа шалдыққан адамзат баласының саны 200 миллионнан асты
Сурет: Ferra.ru

Инфекцияға шалдыққан мемлекеттер тізімін АҚШ, Индия және Бразилия бастап отыр.

COVID-19 шалдыққандар саны көбейіп жатыр. Бұл дертке шалдыққандар саны әлем бойынша 200460325 адамды құрайды, көз жұмғандар саны 4263352 жеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап.

Иран

Иранда COVID-19 жұқтыру жағдайларының тәуліктік өсуі бойынша антирекорд тіркелді - індетке шалдығудың 39 019 дерегі және 378 көз жұму жағдайлары анықталды. Коронавируспен ауырғандардың жалпы саны 3 979 727 адамды құрайды. Ал көз жұму жағдайларының саны 91 785-ке жетті, - деп хабарлайды Иранның Денсаулық сақтау және медициналық білім министрлігі. Медициналық билік елде “дельта” штамының таралуы аясында тағы да шектеулер қойды. 3 тамыздағы жағдай бойынша, 10 741 956 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алды, ал 2 844 250 адам толық егілді.

Франция

Францияда Жерорта теңізінің Корсика аралында төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін. Өткен демалыс күндері бұл жерге 130 000-нан астам демалушы келді. Аралдың екі негізгі қалаларының бірі - Бастиядағы ауруханалардың толуы 79%-дан асты. Үкімет тағы да аурухана қызметкерлеріне қосымша жұмысы үшін үстеме ақы, сондай-ақ ауыр жұмыс салдарынан ала алмайтын ақылы еңбек демалысы үшін өтемақы енгізетінін мәлімдеді. Инфекция таралуының өсуіне байланысты елдің барлық жағалаудағы курорттарында міндетті түрде маска кию және түнгі коменданттық сағат енгізілді.

Израиль 

Израиль COVID-19 вирусымен ауырғандар санының көбеюіне және “дельта” штамының таралуына байланысты тағы да қатаң карантинге көшуде. 8 тамыздан бастап 100-ден аса адам болатын жабық үй-жайдағы қоғамдық орындарда "Денсаулық рұқсаттамалары" енгізіледі. Сондай-ақ азаматтарды ашық ауада өтетін іс-шаралар кезінде қорғаныс маскаларын киюге міндеттейді. Коронавирусқа қарсы вакцина қабылдағанына қарамастан, елге оралған туристер міндетті 7 күндік карантинге жіберіледі. Жаңа шектеулер Министрлер кабинетінің отырысынан кейін жексенбіде күшіне енеді.

Вьетнам

Вьетнамда тұрғындар арасында коронавирустың таралуы әлі де жалғасуда. Мұнда тәулігіне 8 429 COVID-19 инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркелді. Оның ішінде 8 377 - жергілікті сипатта, 52 - шетелден тасымалданған. Жергілікті сипаттағы жаңа жағдайларының ішінде 4 171-і Хошимин қаласында анықталды, бұл елдегі КВИ таралуының эпицентрі. Қазіргі уақытта Вьетнамда вирус жұқтырғандардың жалпы саны 170 190 адамды құрайды, олардың 2071-і қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі уақытта COVID-19-ға қарсы вакцинаның 7 миллионға жуық дозасы қолданылғанын атап өтті.

 Қытай

Уханьда коронавирус инфекциясын жұқтырудың бірнеше дерегі анықталғаннан кейін қала тұрғындарын коронавирус инфекциясына жаппай тексеру басталады. COVID-19 вирусын анықтауға арналған тестілеуден 12 миллионнан астам тұрғын өтеді. 2020 жылы коронавирусқа қарсы қатаң шаралардың арқасында Пекин инфекцияның одан әрі таралуын тез арада тоқтатқан болатын. Алайда қазір пандемияның жаңа кезеңі Қытайға қауіп төндірді: шілде айының ортасынан бастап елде инфекцияның 400-ден астам жағдайы анықталды.

 Ресей

 Ресей астанасында коронавирустық инфекция таралуының күрт өсуі тіркелді. Науқастар саны үштен бір бөлікке артты. Өткен тәулікте - SARS-CoV-2 вирусын жұқтырған 3 330 адам тіркелді. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 816 жағдайға көп. Пандемия кезінде Мәскеуде 1 511 940 инфекция жұқтыру дерегі тіркелді, 25 779 тұрғын көз жұмды. Ресей Федерациясында пандемия басталғалы коронавирустық инфекцияның 6 312 185 жағдайы тіркелді, 160 137 адам қайтыс болды.

 Германия

Германиядағы коронавирустық жағдай туралы Роберт Кох институты ақпарат таратты. Соңғы 24 сағат ішінде елде коронавирустық инфекциясы бар 847 жаңа науқас және бір адам қазасы тіркелді. Пандемия кезінде Германияның 3 772 109 тұрғынында коронавирус анықталды. Германияда COVID-19 диагнозымен қайтыс болған науқастардың саны 91 600 адамды құрайды.