Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай тамыздағы іс-шаралар

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай тамыздағы іс-шаралар
Сурет: Мassaget.kz

Іс-шаралар жалғасуда.

ҚР АҚДМ баспасөз қызметі дерегінше, тамыздың тақырыптық желісі – «Тәуелсіздіктің құқықтық негіздері. Құқық үстемдігі және азаматтық қоғам», деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл айдың басты оқиғалары Қазақстанның Конституция күні мен Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні болып табылады. Еске сала кетейік, мерейтой тұжырымдамасына сәйкес әр ай өзіндік жеке тақырыпта өтеді. Атап айтқанда, маусым патриотизм және мемлекеттік рәміздер тақырыбы аясында өтсе, шілде «Елорда күні. Нұр-Сұлтан – табыс пен өркендеудің символы» тақырыбында өтті.

Осы жылдың басынан бері Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеудің өңірлік жоспарлары аясында елімізде 7 мыңнан астам іс-шара өткізілді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеудің тамыз айындағы кестесі тарихи дамудың жалпыұлттық бағдарын, сондай-ақ қазақстандықтардың құқықтық мемлекет идеалдарына бейілділігін айқындауда Конституцияның мән-маңызын ашуға бағытталады.

Мемлекеттік органдар санитарлық нормаларға сәйкес түрлі іс-шаралар, оның ішінде азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен диалог алаңдарын, сондай-ақ көрмелер, патриоттық әндердің байқаулары, жастар арасында зияткерлік ойындар өткізеді. «Тәуелсіздік тарландары» жобасы аясында «Халық Қаһарманы», «Еңбек Ері» атақтарына ие болған қоғам және мемлекет қайраткерлерімен онлайн-кездесулер өтеді. Еліміздің мемлекеттік орган басшыларының, халықаралық ұйымдар, басқа елдердің конституциялық әділет органдары мен ғылыми қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен Халықаралық симпозиум өтеді. Сонымен қатар биыл Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл толады. Естеріңізге сала кетейік, бұл Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1991 жылғы 29 тамыздағы Жарлығының арқасында мүмкін болды. Біздің еліміз әлем тарихында планетадағы екінші ірі ядролық сынақ полигонын жауып, қуаттылығы бойынша төртінші әскери ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқан бірінші ел болды.

Шығыс Қазақстан облысында Семей ядролық полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған халықаралық конференция, жыл сайынғы «Медицина. Радиация. Денсаулық» ғылыми конференциясы өткізіледі, сондай-ақ ядролық сынақтардан зардап шеккендерге арналған ескерткішке гүл қою рәсімін ұйымдастыру жоспарланған.