Мұхтар Тілеуберді Қазақстанда дипломатиялық миссиясын аяқтаған елшілерді қабылдады

Мұхтар Тілеуберді Қазақстанда дипломатиялық миссиясын аяқтаған елшілерді қабылдады
Сурет: Gov.kz

Қазақстандық министр шетелдік елшілердің алдағы жұмысына табыс тіледі.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Испания, Италия және Израиль елшілерімен бөлек кездесулер өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Испания Корольдігінің Елшісі Давид Карриедомен кездесу барысында Министр Мұхтар Тілеубердінің ағымдағы жылдың 5-6 шілдесінде Мадридке жасаған ресми сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асыруына ерекше назар аударылды.

Германия Федеративтік Республикасының Елшісі Тило Клиннермен жоғары деңгейдегі саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру жолдары талқыланды.

Израиль Мемлекетінің Елшісі Лиат Вексельман кездесуде өңіраралық ынтымақтастық мәселелерін көтерді.

Соңында министр шетелдік дипломаттарға белсенді қызметі үшін алғыс хаттар табыстап, олардың алдағы жұмысына табыс тіледі.