Коронавирусқа шалдыққан 700-ге жуық науқастың жағдайы ауыр

Коронавирусқа шалдыққан 700-ге жуық науқастың жағдайы ауыр
Inform.kz

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққан 684 науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.

12 қазандағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде 53 729 адам коронавирус инфекциясынан (46 665 КВИ+ және 7 064 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 550 пациент стационарда, 44 179 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 684 адамның жағдайы ауыр, 

- 197 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 128 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.