Елімізде коронавирус пен пневмониядан 36 адам қайтыс болды

Елімізде коронавирус пен пневмониядан 36 адам қайтыс болды
almaty-akshamy.kz

Ел өңірлерінде коронавирус және коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониядан бір тәулікте 36 адам қайтыс болды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, 10 қазан күні коронавирус пневмониясының жаңадан 11 жағдайы тіркелді. 61 адам емделіп шықса, 11 науқас көз жұмды.

2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 10 қазанына дейін: ауырғандар – 77 258, қайтыс болды – 4925, жазылып шықты – 65269 науқас.

Сондай-ақ министрлік ақпаратына сүйенсек, 11 қазандағы бір тәулік ішінде Қазақстанда коронавирустың 1499 дерегі тіркелсе, көз жұмған науқастар саны – 25.