Коронавирус жұқтырған 413 адамның жағдайы ауыр

Коронавирус жұқтырған 413 адамның жағдайы ауыр
Cурет: Egemen.kz

90 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр

Коронавирус жұқтырған 90 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

27 қарашадағы мәлімет бойынша, 27 183 адам коронавирус инфекциясынан (–23 487+ және 3 696 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 691 пациент стационарда, 21 492 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 413 адамның жағдайы ауыр,
• 130 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 90 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.