Коронавирус жұқтыру көрсеткіші соңғы аптада 2,5 есе өсті

Коронавирус жұқтыру көрсеткіші соңғы аптада 2,5 есе өсті
Сурет: Дереккөз

Республикалық штаб отырысы өтті

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың төрағалығымен коронавирус инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, отырысқа Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова, Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармалары мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің басшылары қатысты. Республикадағы эпидемиологиялық жағдай, КВИ ауруының өсу себептері, коронавирустық инфекциясы бар пациенттерге медициналық көмек көрсету, тиісті халыққа вакцинация жүргізу мәселелері талқыланды.