Коронавирус маска режимі жайлы еске салды

Коронавирус маска режимі жайлы еске салды

Елімізде коронавирус жұқтырғандар көбейді.

Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық орындарда медициналық маска тағуға кеңес береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

COVID-19 жұқтырғандардың басым бөлігі Алматы мен Астанада. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі желтоқсаннан қаңтарға дейін сырқаттану саны 2,5 есеге артқанын хабарлады. Қазір жұқпалы инфекция жұқтырған 3 науқас ауруханада емделіп жатыр.

Министрлік ешқандай шектеу шаралары енгізуді жоспарлап отырған жоқ. Алайда бүгін Үкімет, Мәжіліс пен Сенат ғимаратында маска тағу режимі енгізілді.