Brent маркалы мұнай бағасы өсті

Brent маркалы мұнай бағасы  өсті
Сурет: E-cis.info

Барреліне $ 91,02 дейін көтерілді.

Дүйсенбі күні таңертең мұнай бағасы көтеріліп, жеті жылдағы ең жоғары деңгейге жақындады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Interfax.ru сілтеме жасап.

Лондонның ICE Futures биржасында дүйсенбі күні сағат 8:25-те Brent маркалы мұнайдың наурыз фьючерстерінің бағасы барреліне $91,02 құрады, бұл алдыңғы сессияның жабылу бағасынан $0,99 (1,1%) жоғары.

Жұма күнгі сауданың нәтижесінде бұл келісімшарттар бір баррель үшін $0,69-ға қымбаттап, $90,03 құрады, аукцион барысында баға 2014 жылдың қазан айынан бері алғаш рет  $91,7-ге дейін көтерілді.

Бренттің наурыз фьючерстерінің мерзімі дүйсенбіде аяқталады. Сәуір айындағы белсендірек саудаланған фьючерстердің құны барреліне $0,89 (1,01%) өсіп, $89,41 құрады.

Нью-Йорк тауар биржасының (NYMEX) электронды саудасында наурыз айындағы WTI мұнайының фьючерстерінің бағасы осы уақытқа дейін барреліне $87,78 құрады, бұл жұма күнгі сессияның қорытынды құнынан $0,96 (1,11%) жоғары. Бір күн бұрын бұл келісімшарттардың құны барреліне 0,21 долларға өсіп, 86,82 долларды құрады.

Мұнайдың екі маркасы қатарынан алты апта бойы қымбаттап келеді. Қаңтардың басынан бері олардың құны шамамен 16%-ға өсті, бұл 2021 жылдың ақпанынан бергі  ең  жоғарғы көрсеткіш қарқыны болуы ықтимал.

 «Мұнайды жеткізу мәселелеріне қатысты алаңдаушылық пен геосаяси тәуекелдер нарық  аптасының жақсы басталуына әсер  етті», - дейді Fujitomi Securities Co Ltd сарапшысы Тошитака Тазава.

Бұл ретте нарықтың назары алдағы ОПЕК+ министрлерінің кездесуіне ауып отыр. Нарық қатысушылары наурыз айында ай сайын мұнай өндіруді тәулігіне 400 000 баррельге арттыру жоспарын жалғастыру туралы шешім қабылдау үшін ақпанның 2 жоспарланған жиналысты күтіп отыр.

«ОПЕК+ өндіруді біртіндеп ұлғайту бойынша қолданыстағы саясатын сақтайды дей отырып, мұнай бағасы осы аптада өсуі мүмкін», - деп қосты Тазава.

Ол сондай-ақ Brent барреліне 90 доллардан жоғары болады деп есептейді.