Алматы маңында пойыз шұғыл тоқтауға мәжбүр болды

Алматы маңында пойыз шұғыл тоқтауға мәжбүр болды сурет:vinegret.cz

Теміржолда қойлар жайылып жүрген.


Алматы облысындағы Шамалған стансасынан алыс емес жерде Орал-Алматы пойызы темір жолға үш қойдың шығып кетуінен шұғыл тоқтауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


«Мой город» басылымының жазуынша, аяқ асты тежеуіш басқанмен, пойыз басып кеткен екі қой мерт болды.  


Тәртіп сақшылары қойдың иесін анықтады. Ол 1973 жылы туған Үлгілі ауылының тұрғыны болып шықты. Ер адам мал жаю ережесін бұзғаны үшін заң алдында жауап береді.


Тәртіп сақшылары мал иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыратынын алға тартты. Дегенмен бұл нәтиже бермей отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет