Алматыда үйдің қасбетінің құлауына байланысты Әуезов ауданының әкімдігі түсініктеме берді

Алматыда үйдің қасбетінің құлауына байланысты Әуезов ауданының әкімдігі түсініктеме берді сурет: inform.kz

2023 жылдың 14 мамырында сағат 13:30 шамасында қатты желдің салдарынан Әуезов ауданындағы 1 шағынаудандағы үйдің қасбеті жартылай құлады, - деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Бұл үйді 2015 жылы «Nest Stroy» ЖШС пайдалануға берді. 5 жылға созылған кепілдік мерзімі аяқталған болатын.


Тұрғындар «Тұрғын үй» ЖШС арқылы үйдің қасбетін жаңғыртуға өтінім берді. 15 мамырдан бастап жобалау-сметалық құжаттаманы жасау жұмыстары басталады. Қазіргі уақытта Әуезов ауданының коммуналдық қызметтерінің күшімен аумақты жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр.



«МИБ өкілдерімен және құрылыс салушымен («Nest Stroy» ЖШС) түсіндіру жұмыстары барысында аталған компания қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін қаржылық көмек көрсетеді деген уағдаластыққа қол жеткізілді. Жұмыстарды үшінші тарап компаниясы жүргізеді және қысқа мерзімде жұмысқа кіріседі».



Айта кетейік, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иелері кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізуді қосқанда, кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күтіп-ұстау және оның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09

13:08

12:39

12:37

12:32