Коронавирус Қытайға қайта оралды

Коронавирус Қытайға қайта оралды
Сурет: Tengrinews.kz

Елдің бірқатар аймағында локдаун енгізілді. 

Қытайда инфекцияның күрт өсуіне байланысты соңғы тәулікте 2 мыңға жуық ауру жұқтыру жағдайы анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Осылайша 17 млн халқы бар Шэньчжэньде бір апталық оқшаулау режимі жарияланды. 14 наурыздан бастап азаматтарға қаладан шығуға тыйым салынады, сондай-ақ тұрғындар үш кезеңдік тестілеуден өтулері тиіс.

Тіршілікті қамтамасыз етуші мекемелерден басқа ұйымдардың барлығы жұмысын тоқтатып, қызметкерлерін қашықтан қызмет етуге ауыстырды. Шанхайда жолаушылар автобустары да бағдардан алынды. Ал "омикрон" штамы көп тараған Цзилинь қаласында 10 мың орындық қосымша ауруханалар салынып жатыр. Бұған дейін толық оқшаулау режимі Чанчуньда енгізілген болатын.