Коронавирус: 63 науқастың жағдайы өте ауыр

Коронавирус: 63 науқастың жағдайы өте ауыр
Cурет: Inform.kz

50 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр

26 желтоқсандағы мәлімет бойынша 17 711 адам коронавирус инфекциясынан (15 616 КВИ+ және 2 095 КВИ-) ем алып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оның ішінде 2 759 пациент стационарда, 15 952 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
236 адамның жағдайы ауыр,
63 пациенттің жағдайы өте ауыр,
50 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.