«Қорғаста» автомобиль көрмесі өтіп жатыр

«Қорғаста»  автомобиль көрмесі өтіп жатыр
inform.kz

«Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығында» Орталық Азия автомобиль көрмесі және сауда орталығы ашылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталған БАҚ-тың мәліметінше, мұнда еркін сауда аймағының кедендік қадағалау саясатына сүйене отырып, «Әуе және жерүсті көпірі» экспорттық режимі пайдаланылады. Сөйтіп, көліктердің трансшекаралық экспортында юаньмен есеп айырысу саудасын жақсарту, коммерциялық көліктердің бүкіл экспорттық жүйесін жаңартуды жеделдетіп, Қытай мен Қазақстанға, Орталық Азияға автомобильдерді шығару және іскерлік сату ынтымақтастығы платформасын жасаған.

«Осы жылдан бастап «Қорғас» портынан экспортталған коммерциялық көліктердің саны тұрақты өсу тенденциясын көрсетті және қазіргі уақытта 30 000-нан асты. Оның ішінде 760-тан астамы «Әуе және жерүсті көпірі» режимінде экспортталды. Орталық Азия автомобиль көрме және сауда орталығының ресми ашылуы Қытай мен шетелдің автомобиль компанияларын «Қорғастағы» оңтайлы бизнес ортамен, кең даму платформасымен және тиімді басқару моделімен ынтымақтасуға жол ашады», - деп жазады қытайлық басылым.

Сонымен қатар, Қытайдың «Халық» газетінің жазуынша, Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Бақты» өткелінде де импорт пен экспорт саудасы қауырт жүріп жатыр.

Мәселен, «Бақты» өткізу шекаралық бекетінің мәліметтері бойынша, осы жылдың қаңтар-қазан аралығында осы пунктен 265 000 тонна тауар (жалпы импорт-экспортты қоса алғанда) өткен. Бұл көрсеткіш былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 53,97%-ға артық. Ал, импорт пен экспорт көлемі 1,67 миллиард АҚШ долларына жетіп, ол да өткен сәйкес кезеңмен салыстырғанда 23,34%-ға ұлғайған. Биылғы жылдың соңына дейін импорт пен экспорттың жылдық көлемі 300 000 тоннадан асады деген болжам бар. «Халық» газетінің дерегінше, бұл – 1990 жылы «Бақты» өткелі ашылғаннан бергі ең жоғарғы көрсеткіш.