Қорғаныс министрлігіндегі өртке қатысты болжам жасалды

Қорғаныс министрлігіндегі өртке қатысты болжам жасалды
Сурет: Massaget.kz

ҚР Қорғаныс министрлігі Telegram каналы арқылы ведомство ғимаратында өрттің неден шығуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

«2022 жылғы 29 қазан күні сағат 13.25-те Қорғаныс министрлігі ғимаратындағы кабинеттердің бірінде офистік жиһаздан өрт шықты. Алдын ала болжам бойынша оттың шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болып отыр», - делінген министрліктің хабарламасында.

Өрт толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Тексеріс жүргізілу үстінде.