Қор нарығында доллардың орташа бағамы 4,26 теңгеге төмендеді

Қор нарығында доллардың орташа бағамы 4,26 теңгеге төмендеді
Сурет: Alau.kz

Бір доллар 480,36 теңге болды. 

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,26 теңгеге төмендеп, 480,36 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 19 шілдедегі ресми бағамы - 484,18 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу - 479,91 теңге, сату - 484,33 теңге.

Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 479,94 теңгеден сатып алынып, 483,41 теңгеден сатылып жатыр.