Күзде екі валентті коронавирустық вакцина өндіріле бастайды

Күзде екі валентті коронавирустық вакцина өндіріле бастайды
Сурет: Strategy2050.kz

Мұндай екпе инфекциядан және оның мутациялық штамдарынан қорғайды.

Екі валентті коронавирустық вакцина өндірісі 2022 жылдың күзінде басталады. Бұл туралы сейсенбіде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Еуропалық аймақтағы өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап. 

«Жалпы, эпидемиялық жағдай жағымды емес, сондықтан қырағы болу керек. Коронавирусқа қарсы екі валентті вакцина инфекциямен және оның мутациясымен күресуге көмектеседі деп үміттенеміз», - дейді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Еуропалық аймақтағы өкілі. 

Екі валентті вакцинаның артықшылығы, дәрігерлердің айтуынша, ол бастапқы инфекциядан және оның мутациялық штамдарынан қорғайды.