Қор нарығында доллар сәл қымбаттады

Қор нарығында доллар сәл қымбаттады
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.   

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,26 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 446,03 теңге, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ұлттық банкттің ресми бағамы – 1 долларға 445,43 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,04 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 447,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 449,3 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 447 теңге, сатып алу құны– 451 теңге.

Ресей рублі 4,92 – 5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр.