Қор нарығында доллар қымбаттады

Қор нарығында доллар қымбаттады
Сурет: Tengrinews.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,98 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 445,68 теңге. Ұлттық банктің 28 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 444,72 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,95 теңге, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 443,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 446,5 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 443 теңге, сатып алу құны– 447 теңге. Ресей рублі 4,86-5,03 теңге аралығында саудаланып жатыр.