Қор нарығында доллар бағамы тағы қымбаттады

Қор нарығында доллар бағамы тағы қымбаттады
Сурет: Kapital.kz.

Доллардың орташа құны 434,51 теңге болды.

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар 1,03 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа құны – 434,51 теңге. 

Ұлттық банктің 8 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 433,45 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 433,53 теңге, сатып алу – 438,97 теңге. 

Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 432,60 теңгеден болса, сатып алу құны – 436,09 теңге. Бұған дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мамыр айында теңгенің нығая түскенін айтқан болатын.