Қор нарығында доллар 7 теңгеге арзандады

Қор нарығында доллар 7 теңгеге арзандады
Сурет: Rg.ru

Доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 7,25 теңгеге төмендеп, 1 доллар 487,75 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Айта кетейік, Ұлттық банк дерегі бойынша, доллардың 1 наурыздағы ресми бағамы - 495 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы - 487,26 теңге, сатып алу - 492,84 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы - 486,09 теңгеден болса, сатып алу құны - 491,48 теңге.