Көпқабатты тұрғын үй өртеніп, 29 адам қаза тапты

Көпқабатты тұрғын үй өртеніп, 29 адам қаза тапты
Сурет: X(Twitter)/@di_maula

Ыстамбұлдың орталығындағы түнгі клуб орналасқан 16 қабатты тұрғын үй отқа оранып, 29 адам қаза тапты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz

TRT haber телеарнасының мәліметінше, тағы үш адам ауыр жарақат алды.

"Құрбан болғандар саны 29 адамға дейін жетті. Өрт салдарынан ауыр жарақат алғандар ауруханада, ем алып жатыр", делінген хабарламада.

Қайғылы оқиға Шишли ауданындағы 16 қабатты тұрғын үйде болды. Өрт түнгі клуб орналасқан көпқабатты үйдің бірінші қабатында шыққан. Мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында клубтың жабылғаны, ол арада жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі.