Көпбалалы аналармен сегіз кездесу өтті

Көпбалалы аналармен сегіз кездесу өтті
Сурет: Қайрат Қоныспаев

Алматы қаласының әкімі бекіткен кестеге сәйкес, 2024 жылдың ақпан айында аудан әкімдері көпбалалы аналармен 8 кездесу өткізді.

Кездесуге барлығы 85 көпбалалы ана келіп, кездесу барысында 83 сұрақ қойылды. Оның 62-сі бойынша түсініктемелер беріліп, кездесулерден кейін 10 сұрақ пысықталды, 11-і бойынша жұмыстар жүруде.

Негізгі мәселелер:

  • тұрғын үй алу (кезекке қою) - 18;
  • білім (балаларды мектепке және балабақшаға орналастыру, мектеп формасы) - 12;
  • денсаулық сақтау-7;
  • әлеуметтік жәрдемақылар (АӘК, азық-түлік жинақтары) - 10;
  • ТКШ және абаттандыру (газды қосу, сумен жабдықтау және су бұру) – 9;
  • жұмысқа орналасу және бизнес гранттары-4;
  • басқа сұрақтар – 23.

Қала әкімдігі 2024 жылғы наурызға қаланың көпбалалы аналарымен тиісті кесте бекітті. Ол аудан әкімдерімен және Алматының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен келісілген.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы аудан тұрғындарымен, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевпен кездесулер барысында көптеген өтініштерге байланысты аудан әкімдерінің көпбалалы аналармен ай сайынғы кездесулерін ұйымдастыруды тапсырған болатын.

Аудан әкімдерінің 2024 жылғы наурызда қаланың көпбалалы аналарымен кездесу кестесі

 

Өтетін күні

 Өт етін уақыты

 Өтетін орны

Ескерту

Алатау ауданы

07.03.2024ж.

сағ 11.00 .

Алатау ауданы әкімінің аппараты, (Жанкожа батыр 26)

 

Алмалы ауданы

27.03.2024ж.

сағ. 10.00

 «Бақытты отбасы» орталығы, (Наурызбай батыр, 106 А)

 

Әуезов  ауданы

27.03.2024ж.

сағ.09.00.

 «Бақытты отбасы» орталығы, (Аманжол көшесі, 12)

 

Бостандык ауданы

27.03.2024ж.

сағ. 15.00.

Бостандык ауданы әкімі аппаратының акт залы (Айманов көш, 191)

 

Жетісу ауданы

13.03.2024ж.

сағ.10.00 .

«Бақытты отбасы» орталығы, (Жансүгіров көш, 65)

 

Медеу ауданы

19.03.2024ж.

сағ. 11.00

«Бақытты отбасы» орталығы, (Зенков көш,15)

 

Наурызбай ауданы

28.03.2024ж.

сағ.10.00

Наурызбай ауданы әкімінің аппараты, (Шуғыла, 347)

 

Түрксіб ауданы

27.03.2024ж.

сағ 11.00 .

 «Бақытты отбасы» орталығы, (Р.Зорге көш, 9)