Коммуналдық сала қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі

Коммуналдық сала қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі
Сурет: Altaynews.kz

 Жалақы "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасы негізінде көтеріледі.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Astanatv.kz ақпаратынша, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров үкімет отырысындағы баяндамасында қазақстандықтарды су, жылу, электр энергиясымен қамтамасыз ету тұрғын-үй коммуналдық жағдайдың жай-күйін толығымен жаңарту керектігін атап өтті.

"Осылайша, орташа жалақы сала мен өңірге байланысты 135 мың теңгеден 200-300 мың теңгеге дейін өседі. Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы 200 мыңға жуық жұмысшыға әсер етеді", - деді Қуантыров үкімет отырысында.  

Оның айтуынша, коммуналдық кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру үшін "Табиғи монополиялар туралы" заңның 22-бабына өзгерістер енгізіліп, коммуналдық сала қызметкерлерінің, яғни сантехник, электрик, дәнекерушілердің жалақысын 50 пайыздан 100 пайызға дейін көтеру жоспарланған.

"2023-2029 жылдарға 62 мың км инженерлік желілерді жаңғырту үшін шамамен 3 трлн теңге инвестиция тарту көзделіп отыр. 2029 жылдарға қарай желілердің тозуын 20 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді", - деді министр.