Коммуналдық қызмет ақысы тағы да қымбаттады

Коммуналдық қызмет ақысы тағы да қымбаттады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Су тарту қызметтерінің бағасы жылына 33,9%-ға өсті.

Ақпан айының соңында Қазақстанда ақылы қызметтер жылына 12,8%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Finprom.kz-тің зерттеуінше, осы кезеңде су тарту қызметтерінің бағасы жылына 33,9%-ға өсті, бұл басқа коммуналдық қызметтерге қарағанда жоғары болып отыр. Осыған ұқсас бағаның өсуі мынадай коммуналдық қызметтерде де байқалады:

орталықтандырылған жылыту – 30,9%;

салқын су – 30,8%;

қоқыс шығару – 30,7%;

ыстық су – 29,4%;

электр энергиясы – 19,9%.

Жоғарыда аталған қызметтердің бағасының өсуі қызмет көрсету саласындағы орташа бағаның өсуінен бірнеше есе жоғары.

Ал ұялы байланыс қызметтерінің бағасы бір жыл ішінде 12,4%-ға өсті.

Қызмет көрсетушілер бағаны көтеру себебі – инвестиция. Коммуналдық қызметтер мен байланыс саласы көп қаржыны, инвестицияны қажет ететін салалар. Инвестицияның болмауы Екібастұз, Риддер және еліміздің басқа да елді мекендерінде орын алған апатты жағдайларға алып келеді.

Инвестициялар негізгі қорларды жаңарту, тозу көрсеткішін қысқарту, апат қаупін төмендету, сондай-ақ жаңа энергки қуаттарын іске қосу үшін қажет. Еске салайық, елімізде былтырдан бері "Инвестицияға айырбас тарифі" мемлекеттік жобасы жұмыс істейді. Соның негізінде коммуналдық кәсіпорындар бағаны көтереді.

2023 жылғы қаңтар-желтоқсан айлары аралығында электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау секторындағы негізгі капиталға салынған инвестиция бір жылда 56,3%-ға өсіп, 1,2 трлн теңгеге жетті. ӨАл сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау секторында негізгі капиталға салынған инвестиция бір жылда 23,6 пайызға өсіп, 598,6 млрд теңгені құрады.

2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда байланыс операторларының инвестициясы 2,5 есе өсіп, рекордтық 451,7 млрд теңгеге жетті. Байланыс қызметтерінің бағасы 2023 жылы небәрі 12,4%-ға өсті, ал салаға салынған инвестиция бірнеше есе артты.