Көктайғақ, қар, тұман - бүгінгі ауа райы болжамы

Көктайғақ, қар, тұман -  бүгінгі ауа райы болжамы
Сурет: 24.kz

Қазгидромет 16 желтоқсан күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан аумағының басым бөлігіне әлі де Моңғол антициклоны әсер ететін болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек қиыр батыста және елдің оңтүстігіндегі таулы аймақтарда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен аздаған қар, батыста көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыста, оңтүстікте, орталықта жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысында, Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында тұман күтіледі.