«Қоқыстан жасалған үздік арт - объект» байқауы «Алматы - біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында өтеді

«Қоқыстан жасалған үздік арт - объект» байқауы «Алматы - біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында өтеді
Сурет: интернеттен

Байқауды өткізудің мақсаты - тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау және ластану проблемаларына назар аудару, сондай-ақ халықты тәртіпті, тазалықты сақтауға және қалалық ортаға ұқыпты қарауға ынталандыру

«Қоқыстан жасалған үздік арт-объект» байқауы ағымдағы жылдың 12-30 сәуір аралығында Алматыда өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Байқауға қатысуға суретшілер, мүсіншілер, сәулетшілер, сондай-ақ шығармашылық объективі арқылы экологиялық проблемаларды көрсете алатын өнер сүйер қауым шақырылады. 

Қатысу үшін ecology@almaty.gov.kz электронды поштасына келесі мәліметтерді жолдау қажет:

1.Қатысушының аты-жөні, телефон нөмірі;

2.Конкурсқа ұсынылатын арт-объектісінің сипаттамасы;

3.Арт-объектінің фотосуреті;

  1. Қолданылған материалдар (макулатура, шыны, пластик, т.б.).

Байқаудың міндетті шарты қатысушының "Дербес деректер туралы" ҚР Заңына сәйкес дербес деректерді өңдеуге және конкурсқа қатысушылар туралы ақпараттық материалдарды БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жариялауға келісуі болып табылады.

Өтінімдер ағымдағы жылдың 26 сәуіріне дейін (қоса алғанда) қабылданады. Қосымша және қызықтыратын сұрақтар туындаған жағдайда келесі байланыс нөмірлері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: +7(702) 066-22-55, +7(775) 289-86-55 +7(727) 390-41-07, +7(727) 390-41-30. Қоңыраулар жұмыс күндері және жұмыс уақытында, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады.

Қорытынды шығару үшін ұпайлар барлық көрсеткіштер бойынша жинақталады (кесте қоса беріледі). Қатысушылар тізімі кему ретімен бағаланады, яғни «Қоқыстан шыққан ең жақсы өнер нысаны» ең көп ұпай жинайды.

Байқаудың жеңімпаздары үшін жүлде қоры (демеушілік қаражат есебінен):

1 орын - 1 млн. теңге;

2 орын - 500 мың теңге;

3 орын - 300 мың теңге.

 

Кесте

Көрсеткіш мазмұны

Ұпай беру шкаласы

 

1

Арт-объектінің көлемі

Шкала бойынша 1 ден 10 ұпайға дейін бағалау

 

2

Көркемдік бейне

Шкала бойынша 1 ден 10 ұпайға дейін бағалау

 

3

Түрлі материалдарды пайдалану

Шкала бойынша 1 ден 10 ұпайға дейін бағалау

 

4

Қалалық бағдарламаға қосу

Шкала бойынша 1 ден 10 ұпайға дейін бағалау

 

Қорытынды:

 

 

Конкурстың қорытындысын қоғамдық және эко-қоғамдастық өкілдердің және өнер қайраткерлерінің қатысуымен конкурстық комиссия айқындайтын болады.