Көкірекбаевтың сотқа дейінгі тергеуі аяқталды

Көкірекбаевтың сотқа дейінгі тергеуі аяқталды
Сурет: Тengrinews.kz

Антикор «Қазселденқорғау» басшылығы 400 млн теңгеге жуық пара алғанын айтты.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

“Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауда отыр. Қазіргі уақытта қылмыстық іс ҚР ҚПК 300-бабы тәртібінде сотқа жіберу туралы мәселені шешу үшін Алматы облысының прокуратурасына берілді”, – делінген хабарламада.

Сонымен бірге, ведомство Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептелетінін еске салды.

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі, "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің басшысы Кәрім Көкірекбаевтың ұсталғаны жайлы ақпарат өткен жылдың желтоқсанында тарады.