Көк түсті әлем мұхиттарының жасылға боялуы қаншалықты қауіпті?

Көк түсті әлем мұхиттарының жасылға боялуы қаншалықты қауіпті?
Сурет: Egemen.kz

Ғалымдар климаттың дәл осы өзгерісі аса қауіпті екенін айтып, дабыл қағуда.

Соңғы жиырма жыл аралығында АҚШ пен Ұлыбритания ғалымдарының зерттеулері нәтижесінде жердегі мұхиттардың 56%-ының түсі жасылданғаны аңғарылған. Мұны олар ғарыштан түсірілген суреттер арқылы көрген. Әсіресе тропикалық аймақтарда анық байқалған.

Nature ғылыми журналында ғалымдардың зерттеулері жарық көрді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

Мұхит түсі беткі қабаттағы өзгеріске қарай құбылады. Заңдылық бойынша, бұл қабатта фитопланктон көп болса, мұхит беті жасыл тарта бастайды.     Аталған құбылыс негізінде әлемді жасылдандыру саясатына келетін секілді болғанымен, оның кері әсері өте қауіпті, ең алдымен бұл мұхиттағы экожүйені құртады, дейді ғалымдар.

Ғалымдардың болжауынша, экожүйе бұзылған сайын ондағы тіршілік жойылады.

Мұхит беті түсінің көктен жасылға қарай өзгеруін ғалымдар әлемдік климаттағы өзгеріспен, соның ішінде жаппай жылынумен байланыстырады.