Қоғамымыз дәрігер парызының ерекше мән-маңызына күн өткен сайын көз жеткізуде - Президент

Қоғамымыз дәрігер парызының ерекше мән-маңызына күн өткен сайын көз жеткізуде - Президент
Сурет: Inform.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы медицина қызметкерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Құрметті дәрігерлер, медицина қызметкерлері! Баршаңызды Медицина қызметкері күнімен құттықтаймын! Сіздер адамгершілік пен ізгілік мұраттарына қалтқысыз қызмет етіп келесіздер. Қоғамымыз дәрігер парызының ерекше мән-маңызына күн өткен сайын көз жеткізуде. Көптеген дарынды жастар осы мамандықты игеруге ұмтылып жатыр. Мемлекет медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, денсаулық сақтау саласын дамытуға баса назар аударады. Ұлт саулығы – Жаңа Әділетті Қазақстанды құру жолындағы мемлекеттік саясатымыздың аса маңызды бағыты. Сіздерге ерен еңбектеріңіз, Гиппократ антына адалдықтарыңыз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін», - деп жазылған Президент құттықтауында.

Қасым-Жомарт Кемелұлы медицина саласының барша қызметкерлеріне зор денсаулық, бақ-береке тілеген.