Көгалдағы хоккейден Қазақстан құрамасы Азия ойындарының іріктеу турниріне қатысады

Көгалдағы хоккейден Қазақстан құрамасы Азия ойындарының іріктеу турниріне қатысады
Сурет: Olympic.kz

Құрлықтық додаға жолдама Тайландта 5-15 мамыр аралығында өтетін бәсекеде сарапқа салынады. 

Қазақстан құрамасы «А» тобында Оман, Тайланд, Гонконг және Өзбекстан құрамаларымен бірге бақ сынайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Ал «В» тобына Бангладеш, Шри-Ланка, Индонезия және Сингапур құрамалары түскен. 

Айта кетерлігі, Азия ойындарының жолдамасы үздік деп танылған алғашқы алты командаға үлестіріледі.