ҚХА XXXII сессиясында Алматы делегациясының өкілдерімен баспасөз конференциясы өтті

ҚХА XXXII сессиясында Алматы делегациясының өкілдерімен баспасөз конференциясы өтті
Сурет: Тengrinews.kz

Алматылық делегаттар Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясының панельдік пікірталастарына қатысу туралы өз әсерлерімен бөлісті.

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясында Алматы делегациясының өкілдерімен баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сапар туралы өз әсерлерімен Алматы қаласы ҚХА орынбасары, Алматы қаласындағы "Қазақстан Орыс мәдени орталығы" қоғамдық бірлестігі филиалының төрағасы Всеволод Лукашев бөлісті.

"32-ші сессияда Мемлекет басшысы еліміздің барлық халқына үндеу жасады. Қазақ тілінде берілетін білімді арттырып, сонымен қатар басқа этностарға өз дәстүрлерін, мәдениеті мен тілдерін дамытуға мүмкіндік береміз. Бұл үндеуде айтылған басты тақырыптардың бірі", - деді Всеволод Анатольевич.

Панельдік пікірталас жұмысына 1000-нан астам адам қатысты: Президент Әкімшілігінің басшылығы, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, Парламент депутаттары, ҚХА мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің, діни бірлестіктердің төрағалары, ҮЕҰ өкілдері, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қазақстандық және шетелдік БАҚ.

Алматылық тағы бір делегат Алматы Ұлттық Корей орталығы төрағасының орынбасары Георгий Кан елімізде өткен ірі оқиға туралы өз ойымен бөлісті.

"Алматы делегациясы пікірталасты өте белсенді өткізді. Біз екі күн жұмыс істедік. Бірінші күні қоғам мен мемлекеттік биліктің қатысуымен панельдік пікірталастар болды. Әрине, ең басты сәт Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сөз сөйлеген күні болды. Басты месседжді күттік. Ол Ассамблеяның этносаралық келісімді сақтау жөніндегі өз функциялары мен мақсатын орындауына қатысты болды. Басты месседж осы трендтерді дамыту туралы. Бізге басқалардың ақпараттық соғысы, қатынастарды реттеудегі импорттық механизмдері қажет емес. Барлық конфликттер көбінде ұлттық менмендіктен шығатындығы нақты айтылды. Берілген тапсырмаларды орындау біздің құлшынысымызды арттырды және біз оны кез-келген уақытта орындауға дайынбыз", - деп бөлісті Георгий Васильевич.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Всеволод Лукашев өткен жылы Қазақстанда саяси трансформация болғанын хабарлады.

"Қазір бізде Қазақстан халқы Ассамблеясынан Сенатта 5 депутат бар, сондай-ақ мемлекеттік құрылымның жаңа моделін құруда түбегейлі өзгерістер болды. Ауқымды қайта құру барысында ҚХА, этностарға ерекше көңіл бөлінді. Бүгінде этностар ел өміріне және мемлекеттің стратегиялық міндеттерін іске асыруға белсене қатыса алады. Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанда жаңа жалпыұлттық бірегейлік қалыптасқанын мәлімдеді. Қазақстанның туы барлық этностарды біріктіреді, ал рәміздер оларды біртұтас халыққа айналдырады",- деп жалғастырды В. Лукашев.

Алматы делегаттары пікірталастар мен талқылауларға белсене қатысты, онда балалардың рухани-адамгершілік, жалпыадамзаттық және азаматтық құндылықтарды қалыптастырудың, толеранттылықтың жоғары мәдениетін тәрбиелеудің, тұлғааралық және этносаралық қарым-қатынастың, патриотизмнің, сондай-ақ балалардың әлеуметтік өзара іс-қимылға және оң этносаралық коммуникацияларға жеке, ерікті, физикалық және зияткерлік дайындығының өзекті мәселелері көтерілді.