Қызылордада жер сілкінді ме?

Қызылордада жер сілкінді ме?
almaty-akshamy.kz

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі  Қызылорда мен Бурабайдағы жер сілкінісі туралы ақпаратты жоққа шығарды

Earthquake қосымшасында «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жанында жер сілкінісі болғандығы туралы мәліметтер пайда болды.

Бұл қосымша әлемдегі соңғы жер сілкіністерін онлайн бақылауға мүмкіндік береді.

Осы сервисте пайда болған ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісі Ақмола облысында Астана уақыты бойынша сағат 13:57-де болған. Кейінірек ТЖМ баспасөз қызметі ақпаратты жоққа шығарды және жер асты дүмпулері тіркелмегенін хабарлады.

«4 ақпанда сағат 13:57-де «Earthquake»  қосымшасы Ақмола облысының аумағында, «Бурабай» паркінің жанында болған жер сілкінісі туралы ақпаратты жариялады. ТЖМ сейсмикалық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы бұл жағдайда жер сілкінісін растамайды», - делінген Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Кейінірек Earthquake қосымшасында Қызылордада магнитудасы 5,6 болатын жер сілкінісі туралы хабарлама пайда болды. Алайда, ТЖМ бұл ақпаратты да жоққа шығарды.